«Облыстағы барлық 57 қосалқы стансаны жаңғырту, бір жаңа стансаны салу, сонымен қатар жаңа ұзындығы 467 шақырым электр тарату желілерін салу жоспарланып отыр. 2015-2019 жылдардағы жалпы инвестициялардың көлемі 27,2 млрд теңге», - деді «МЭБК» АҚ басқарма төрағасының қолданыс бойынша орынбасары - бас инженері Жақсылық Сағымбеков.
Оның сөзіне қарағанда, жобаны жүзеге асыру шығындар мен электрқондырғылардың тозуын азайтады, электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады, компанияның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады. Қазір желілердің тозуы шамамен 77% құрайды, трансформаторлық қосалқы стансалар мен қосалқы стансалардың тозуы 67% құрайды. Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырған соң желілер бойынша тозу көрсеткіші 58%-ға дейін, ал электр жабдықтары шағын стансалары бойынша 67% пайыздан 36%-ға дейін азаяды.
Тозған жабдықтар электр қондырғыларын өндіретін әлемдегі жетекші компаниялардың - Alstom, Siemens, ABB және Таврида-Электриктің жабдықтарына ауыстырылады. Компания бұл мақсатқа өз қаржысын жұмсайды және бір бөлігін қарызға алмақ.
Жиында компания 220кВ Актау-Жаңаөзен электр тарату желілері, «Ақтау-Қаражамбас» жоғары вольтті желісі сынды ірі инвестжобаларды жүзеге асырып жатқаны айтылды. Жобалардың құны - 15,6 млрд теңге.