Маңғыстау облысында мұнай компанияларының қаражатына салынған балалар бақшасы пайдалануға берілді

Нысанның салтанатты ашылу рәсімінде хабаланғандай, "2005 - 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы" ҚР президентінің бағдарламасы аясында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы атынан "ҚазМұнайТеңіз" АҚ және "Аташ", "Түпқараған Оперейтинг", "Құрманғазы Петролеум" и "Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б. В." компаниялары Құрық ауылында балалар бақшасын салуды бірлесіп қаржыландыру туралы шешім қабылдады.

Техникалық жобасын жасау мен құрылысты қамтыған нысанның көзделген құны 1 млн 380 мың АҚШ долларын құраған. Техникалық жобаны жасау мен құрылысты салған бас мердігер - "Құрылыс" ЖШС.

Аташ, Түпқараған, Құрманғазы және Меруерт теңіз жобалары бойынша әлеуметтік міндеттемелердің қаражатын бірлестіру бұдан былай Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызды жобалары мен ныандарын қаржыландыруға мүмкіндік береді, деп атап көрсетті жобаға қатысушылар.