Науқастың айтуынша ол Жангелді ауылында ауырған түйені союға атсалысыпты. Одан басқа сойысқа қатысқан тағы 5 адам ауруханаға түсіп, олардың біреуіне және де "оба" деген алдын-ала диагноз қойылды.
Қазір оқиға орнында эпидемияға қарсы шаралар қолданылып, зертханалық тексеруге сынамалар алынды.