С.Керелбаевтың айтуынша, шағын қалашықтар Маңғыстау және Баянды ауылында, Қызылтөбе ауылдық округінде салынады. Тек жобалау жұмыстарына 60 млн. теңге арналып отыр. 2006-жылы құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 30 млн. теңге бөлінді. Республикалық бюджеттен үйлерді салуға 33,5 млн. теңге бөлінбек. С.Керелбаевтың айтуынша, «Agip КCО» инженерлік коммуникацияларды тартуға 1 млн. теңге бөлмекші.
Облыстық әкімшіліктің хабарлауынша, қазіргі жағдаймен алғашқы лекте баспана алуға кезекте тұрғандардың саны 10 мыңнан асады. 2006-жылы Маңғыстау облысында жалпы алғанда 286 мың шаршы метр баспана салу межеленген.