Маңғыстау облысында пойыз жеңіл көлікпен соқтығысты


Оқыс оқиға Өмірзақ ауылының маңында болған. Вагондарына толтыра жүк тиеген отарба станцияға тақалған тұста Жигули арғы бетке өтіп кетпекке әрекет жасапты. Бірақ үлгермеді. 16 вагонды тіркеген пойыз жеңіл көлікті ондаған метрге сүйреп тастаған. Темір тұлпар тонналық отарбаның астында түгі қалмай қирады. Жүргізуші, 32 жастағы полицей оқиға орнында қаза тапты. Ал оның жанында болған жолаушы аман қалған.