Рәсімді "Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы" АҚ-ның батыс өңір жөніндегі президентінің өкілі Амангелді Селбаев ашты. Ол темір жолшыларды көптен күткен елеулі оқиғамен құттықтап, рәсімге жиналғандарға "Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы" АҚ-ның Маңғыстау темір жол бөлімшесінің бірінші директоры нәжімеден Губашовты танытстырды.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, "Темір жол тасымалының Маңғыстау бөлімінің ашылуы - облыс тарихындағы жаңа бет, маңызды оқиға болмақ. Оны өңірдің қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанының дәлелі деп бағалауға болады".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті