Маңғыстау облысында құны 582,2 млн тенге тұратын бекіре фермасы жұмыс істей бастады

Ферманың жобалық қуаты – жылына 60 тоннаға дейін бекіре етін өндіру, деп хабарлады кәсіпорын басшысының орынбасары Тұрсынгүл Жақыпова.

"Қазір бізде бекіренің салмағы бір килодан сәл асады. Оны сатпас бұрын біз бекіре салмағын 2,2-2,3 килоға дейін өсіруіміз керек. Шабақтар «Орал бекіре» Атырау балық зауытынан әкелінді. Маңғыстаудың алғашқы бекіресі дүкен сөресіне түскенге дейін екі жылдай уақыт өтеді. Ақсерке жылдам өседі – бір жарым жыл керек. Сібір бекіресі биылғы жылдың аяғында біраз бой алады. Бізде тапсырыс берушілер де бар – балық дүкендері мен ресторандар»,- деді ол.

Т.Жақыпова атап айтқандай, ақсеркені сумен қамтамасыз етудің жабық жүйесі қолданылатын бассейнде өсіретін бұл ферма – Қазақстан бойынша жалғыз ферма.


«Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын бұл жобаның құны – 582,2 млн теңгені құрайды.

Ферма басшылығы төрт жылдан кейін-ақ бұл өндіріс өзін-өзі толық ақтап, табыс әкеле бастайды деп отыр. Бекіренің болжамды бөлшек-сауда бағасы – килосы 1500 теңге.