Маңғыстау облысында құрылыс компаниясы жұмысшыларының ауруханаға түсуіне сальмоноллез себеп болуы мүмкін

«Ауруханаға түскен бес жұмысшыда сальмонеллез белгілері бар. Кен орнында тамақтану қосыны заңсыз, СЭС органдарын ескертусіз жұмыс істеген. Жұмысшылар 7 ақпан күні түскі астан кейін ауырғандарын айтады», - деп облыстық мемлекеттік санитарлық қадағалау департаментінің басшысы Марал Қадыр бүгін Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Санитарлық дәрігерлер улану себебін анықтау үшін тағам мен суды және қатынаста болған отыз адамды тексеруде.

Әзірге қорытынды шықпаған.

Кеніште жұмысшыларды тамақтандырумен "Каспий Мұнай Құрылыс" сауда үйі» мердігерлік ұйымы айналысқан.

«Компанияда 76 адам жұмыс істейді. Тексеру кезінде онда 23 адам болған. Іс құқық қорғау органдарына берілді.


Қазір асхана жабылып, компания Дұңға кенішіндегі басқа асханамен келісімшарт бекітті.

Бұрын хабарланғандай, өткен дүйсенбіде «Каспий МұнайҚұрылыс» ЖШС он екі жұмысшысы өздерін нашар сезініп «тамақтан уланған» деген диагнозбен инфекциялық ауруханаға түскен болатын.