Ұзындығы 33 шақырым 124 метрді құрайтын газ құбырын тартуға арналған қаржыны "Ауыл" үкіметтік бағдарламасы аясында "ҚазМұнайГаз" Барлау.Өндіру" АҚ-ның өндірістік филиалы"Өзенмұнайгаз" бөлді. Көгілдір отын құбырының 0,8МПа қысымдағы өткізгіштік қабілеті сағатына 900 текше метрді құрайды. 33 шақырымдық газ құбырының 1,5 шақырымы жер асты арқылы өтеді.
"Газ құбырын пайдалануға беру нәтижесінде 2 мың адам тұратын ауыл тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету тауқыметі шешіледі",- деді рәсімге қатысқан "ҚазМұнайГаз" Барлау.Өндіру" АҚ-ның бас директоры Жақып Марабаев.