Мамандар аса қауіпті цезийді облыс орталығына зерттеуге апара жатқан екен. Сол кезде абайсызда көліктен түсіп қалыпты. Цезийге толы баллондар Шетпе және Сайөтес тас жолында жатуы мүмкін деген болжам бар. Оны іздестіруге тіпті әскерилер де жұмылдырылған. Ал, полицейлер болса, жергілікті тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады. Егер контейнерді тапқан жағдайда оны ашпауға кеңес береді.