Маңғыстау облысында тіркеуде тұрған жұмыссыздардың үлесі 1,6 процентті құрайды

Облыстық статитикалық басқармасының мәліметі бойынша, экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда тіркеуде тұрған жұмыссыздардың үлес салмағы 2005-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен 1,6 процентті құрады.

Статитикалық мәліметтерге сүйенсек, 2005-жылдың маусым айында жұмыспен қамту мекемелеріне жұмыс іздеген 1027 адам келіп, 665 адам жұмысқа орналасты (Ал 2004-жылдың алты айында 674 адам жұмыс іздеп келіп, 244 адам жұмысқа орналасқан). Жұмыс іздеушілердің 47,1 проценті немесе 313 адам ауыл тұрғындары.
Маусым айының аяғына дейін тіркелген жұмыссыздардың тең жартысынан астамын (1891 адам) бұрынғыдай әйелдер иемденуде. Олардың үштен бір бөлігі немесе 594-і ауыл әйелдері.
2005-жылдың 6 айында 60 адам кәсіби оқытуға және біліктілік шыңдауға (2004-жылдың тиісті мерзімінде 143 адам) жіберілді. Жұмыссыздар арасынан 195 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, ал былтыр 203 адам жұмылдырылған.
2005-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен түрлі себептермен облыста 7 кәсіпорын өз жұмысын тоқтатты. Мәжбүрлі демалысқа жіберілген жұмысшылар саны 2004-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 24,3 процентке кеміп, 56 адам болды.