Статистикалық басқарма мәліметіне сәйкес, жалпы облыс бойынша осы мерзімде нәрестелер өлімінің коэффиценті әрбір 1000 тірі туған сәбиге шаққанда 20,67 болды (2003-жылдың қаңтар-маусым айларында - 19,65).
Бір жасқа толмаған сәбилердің өліміне түрткі болған себептер құрылымында ең жоғары үлес салмақ (85,2%) тыныс алу жолдарының сырқаты, туа біткен ақаулар мен бала жатырдағы кезде пайда болған түрлі паталогиялардың үлесінде.
Сонымен бірге облыста туу көрсеткіші артты. Биылғы жылдың 6 айында 4531 бала дүниеге келді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18,2 процентке артық.
Облыстың барлық аудандарында жыл басынан бері туған сәбилер саны артты. Әрбір 1000 адамға шаққанда жалпы туылу коэффиценті облыс бойынша 25,30 промиллені құрайды. Бұл көрсеткіштің ең жоғары шегі - 29,55 - Түпқараған ауданында тіркелді.