Маңғыстау облысында жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, ұлттық саябақтарға жарамды территориялардың аудандары анықталды.
Айрақты. Облыс орталығынан 100 шақырым жерде, Ақтаудың солтүстігінде орналасқан (теңіздің солтүстік батыс жағалауындағы Тамшылы шыңының шекарасында). Оңтүстік шығысынан Шетпе ауылына дейін созылып жатқан 480 мың гектар жерде ғылыми, геологилық, палеонтологиялық, тарихи және мәдени құндылықтары бар.
Үстірт- Маңғыстау облысының шығысында жатыр. Бүгінгі кезде Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы болып табылады. 632 мың гектар жер аумағына бақылау жасалатын болады деп топшылануда.
Қарақия-Қаракөл. Ақтау орталығынан 85 шақырым қашықтықта оңтүстікте және оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Әлемде ең терең ойпат болып саналатын Қарақия ( теңіз деңгейінен 132 метр төмен) және Қаракөл Ақтаудың оңтүстігінде жатқан ұзын тұщы көл қорғауға алынады. Ойпат Қарақия-Каракөл республикалық дәрежесі бар зоологиялық кіші қорығының территориясы болып саналады. Қорғауға шамамен 180 мың гектар жер алынады.
Жарты айдың түріне ұқсас Құлалы аралы Форт Шевченко қаласының солтүстігінде орналасқан Итбалық аралдарының ең үлкен архипелагы болып саналады. 4500 гектар жер қорғауға алынады деп болжануда.
Маңғыстаудың болашақ ұлттық саябақтарына 5 аумақтық жүйе қолданылатын болады. Бұл учаскелер саябақ ресурстарының мәдениеті мен экологиялық жүйесін қорғау мақсатында сұрыпталуы қажет.