«Рахметолла Хайруллин 1957 жылы 9 мамырда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Осыған дейін прокуратура органдарында жұмыс істеп, аудандық сот төрағасы, Ақтөбе, Атырау облыстық соттарының аппеляциялық алқасының төрағасы қызметтерін атқарған», - деп хабарлады баспасөз қызметінің қызметкері Алмас Қуанбай.
Сондай-ақ жоғарыда аталған Жарлықпен Маңғыстау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне осыған дейін қылмыстық істер бойынша Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметіндегі Шаров Гафур Хамзеұлы тағайындалды.
Сонымен қатар мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы қызметіне Жаңаөзен қалалық сотының судьясы қызметінен босатылған Нұрышева Жанар Болатқызы тағайындалды.