Маңғыстау облысында "Жасөспірімдер денсаулығы - ұлт денсаулығының айнасы" атты акция ұйымдастырылды

Шара аясында осы облыстағы 48 мектептің жоғары сынып оқушылары арасында сұрау салыныпты. Ондағы мақсат- олардың әртүрлі кері әдеттерге деген көзқарасын анықтап, ішімдік, темекі және есірткіге әуестіктің залал-зардабы туралы ақпараттан хабардарлық деңгейін анықтау болыпты.

Анкета сұрақтарына арнайы талон қосылған. Мұндай талон иелері егерде медколледжге оқуға түсуге ниет білдірсе, оқыту төлемінің 3-5 процентінен босатылады.