Маңғыстау облысында жоғалған улы радиактивті баллонды тапқандарға сыйақы тағайындалды


Радиоактивті затқа толы аса қауіпті баллондар осыдан бір апта бұрын  Сайөтес-Шетпе тас жолында жоғалған болатын. 50 келі тартатын улы жүктің түсіп қалғанын көлік жүргізушісі де байқамапты. Ашылса болғаны у шашатын контейнерді күш құрылымдары күндіз де, түнде де жол бойынан іздестіруде. Алайда, сары түсті баллон жер жұтқандай ұшты-күйлі жоғалған. Цезийді бұрын тапқандарға «Қазпромгеофизика» компаниясы үлкен сыйақы тағайындады. Яғни баллонды бүтіндей тапсырған адам қолма-қол 1 жарым миллион теңге сыйақы алады.