Маңғыстау облысында жол апатынан 5 адам, соның ішінде жеті жасар бала қаза тапты

ТЖМ мәліметтеріне сәйкес, 7 қарашада Таушық-Шетпе тас жолының 18 шақырымында "УАЗ-3962" және "Мицубиси" көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан көлік жанып кетті.

"Мицубиси"автокөлігінде жүргізуші мен оның үш жолаушысы өртеніп кетті. Олардың аты-жөні анықталуда. "УАЗ-3962" көлігінде отырған жеті жасар қыз оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен 15 жасар бала ауруханаға жатқызылды.

"Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі апаттан 3 сағаттан кейін 7 адам мен 1 техниканың күшімен сөндірді", - деп түсіндіреді баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті