"Жол апаты 17 маусым кешкісін болды. Қасиетті Бекет ата жеріне жол тартқан джип көлігінде алты жолаушы болған. Әзірге апат себептері анықталуда», дейді дереккөз.
Көліктің аударылуы салдарынан 48 және 52 жастағы екі ер кісі қайтыс болды. Олар әйгілі қоғам қайраткері, әрі халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың ұлы және Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты неврология кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Қайшыбаев.
Көліктегі жолаушы әйел басынан ауыр жарақат алған. Алты жасар қыздың жарақаттары да ауыр. Олар ауруханаға түсті. Қалған екі жолаушы зардап шекпеді.
Суретте профессор Нұрлан Қойшыбаев