Маңғыстау облысында жол апатынан бес адам мерт болып, жеті адам жараланды

Апат Қарақия ауданында Ақтау-Жаңаөзен бағытындағы тас жолдың 79-шақырымында болды. Министрлік ақпаратына сәйкес, 30-мамыр күні таңертең "Краз-6510", "Газель" және "ВАЗ-21099" автокөліктері соқтығысып қалған. Апат салдарынан "Газель" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында жан тәслім етсе, тағы екі жолаушы аудандық ауруханаға апарар жолда қайтыс болды. Сонымен бірге "Газель" автокөлігінде отырған 7 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Зардап шеккендердің екеуі бала.