Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, үш адам жараланды

Апат 18-қарашада кешке Шетпе-Жетібай автожолының 158-шақырымында болды. Жетінші үлгілі "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі "ЗиЛ-133" көлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан "Жигули" жүргізушісі мен оның 37 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Тағы да үш жолаушы, соның ішінде бір жас шамасындағы кішкентай қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.