Маңғыстау облысында жолаушылар поезының төрт вагоны шойын жолдан шығып кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бейнеу ауданында №461-ші разьезде 2-шілдеде 7 сағат 15 минутта Маңғыстау мен Атырау арасында қатынайтын №313 жолаушылар тасымалдайтын поездың төрт вагонының оң жақ доңғалақтары шойын жолдан шығып кетті.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Апат басқа поездардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Темір жолға зақым келген жоқ. 17 сағат 35 минутта апаттан қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталып, поезд алған бетіне жолға шықты.

Оқыс оқиғаның зардаптарын жоюға Бейнеу бекетінің апаттан қалпына келтіруші поезы тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті