Маңғыстау облысында жүк көлігі мен бағытты автобустың соқтығысуы салдарынан жеті адам мерт болып, төртеуі жараланды

ТЖМ ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 2 желтоқсанда Маңғыстау облысындағы Жетібай - Жаңаөзен тас жолының 8-ші шақырымында болған.

""МАЗ-551605" көлігінің жүргізушісі жолаушылар тасымалдайтын "ГАЗ-322131" көлігімен соқтығысты. Апат кезінде көлікте 9 жолаушы болған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен бес жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті