Маңғыстау облысында жыл басынан бері теңізде апатқа ұшыраған 200 адам құтқарылды

Ал жыл басынан бері облыстағы су қоймаларында 15 адам суға батып кетті, олардың екеуі балалар. Ерте көктемде резеңке қайықпен теңізге шыққан 6 балықшы әлі де хабарсыз кеткендер санатында.

Мамандардың айтуынша, облыстағы су қоймаларындаы қайғылы оқиғалар саны азая түсуде. Қазір Каспий теңізінің жағалауында 1800 шақырымға созылып жатқан жағалау сызығын қадағалайтын төрт құтқару станциясы жұмыс істеуде. Құтқарушылар қазіргі заманғы ұшқыр қайықтар мен суға сүңгуге қажетті құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ қазіргі заманғы құтқару станциясынның бірінші кезегін салу туралы мәселе де шешімін табуы тиіс. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінбекші.