Маңғыстау облысында жылу энергиясы мен ыстық судың тарифтері төмендетілді

Бұйрыққа сәйкес "МАЭК- Қазатомөнеркәсібі" ЖШС тарататын жылу энергиясының бағасы қосымша құн салығын қоспағанда 1 Гкалға 1018 теңге болып бекітілді. Ал осыған дейінгі қосымша құн салығынсыз тариф Гкал-на 1120 теңге болатын.

Сонымен қатар "МАЭК-Казатомпром" ЖШС желілерінен тарайтын ыстық судың бағасы 1 шаршы метріне қосымша құн салығын қоспағанда 75 теңге болып белгіленді. Осыған дейін қосымша құн салығынсыз шаршы метрінің құны 88 теңге болып келген.

Баспасөз қызметінің хабарлауыша, тарифтерді төмендетуге "МАЭК- Қазатомөнеркәсібі" ЖШС-нің нақты шығындарын және инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға жұмсалатын қаражатты қысқарту арқылы қол жетті, бұл өз кезегінде коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне жол бермейді.

Осыған дейін хабарланғандай,"МАЭК- Қазатомөнеркәсібі " ЖШС "Қазатомөнеркәсібі Ұлттық компаниясының 100 % еншілес мекемесі болып табылады. Бұл энергия және су өндіретін біртұтас кешен. Оның құрамына жылу электрстанциялары , тазартып тұщыландыратын көп салалы қондырғылар және БН-350 жылдам нейтронды реакторлар кіреді.

"МАЭК- Қазатомөнеркәсібі " ЖШС-нің басты стратегиялық мақсаты мен міндеті: Маңғыстау облысындағы елді мекендер мен өндіріс орындарын жарықпен қамтамасыз ету, Атырау облысы үшін электр энергия қорын жасау, Ақтау қаласын жылу энергиямен, ауыз сумен , ыстық және техникалық сумен, сонымен қатар өндіріс орындарын дистиллятпен қамтамасыз ету.

Маңғыстау атом энергокомбинаты электр энергия мен жылу өндірісінде тұзды теңіз суын емес, аз уақытта дайын болатын тек тұщы суды пайдаланады. Комбинаттың қолданатын технологиясы осымен ерекшеленеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті