Апат 2-қарашада 7 сағат 30 минутта Жаңаөзен қаласынан солтүстікке қарай 80 шақырымда "Окарем-Бейнеу" магистральды газ құбыры учаскесінде шықты. Құбырдың тозығы жетуге байланысты 2 метрге жуық тесік пайда болған.
Бейнеу және Жаңаөзен желілік-өндірістік басқармасының желілік-эксплуатациялық қызметі апат шыққан учаскені арматурамен үзіп, 20 метрлік құбырды алмастыруда.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, "МАЭК-Қазатомөнеркәсібі" ЖШС, тұрғын үйлер мен өндірістік нысандарға көгілдір отын Теңге кенішінен берілуде.