Маңғыстау облысындағы Қаратұрын кенішінде апат болды

ТЖМ мәліметінше, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Бұзашы түбегінде Ақтаудан 310 шақырым жерде орналасқан Қаратұрын кенішіндегі №34 ұңғыдағы жөндеу жұмыстары кезінде 1100 метр тереңдіктен газ бен мұнай атқылау оқиғасы болды.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, аспаптың қисайып қалуы салдарынан қондырғыны толық жабу мүмкін болмаған. Төтенше оқиғаны жою үшін ҚР ТЖМ-нің "Ақберен" қызметінің 9 адам мен 1 техникасынан құралған апаттық тобы жіберілді.