Маңғыстау облысындағы Ұлы отан соғысы ардагерлеріне жыл сайынғы жәрдемақы төленеді

Әкімнің пікірінше, жәрдемақы мөлшері ардагерлердің коммуналдық және телефон байланысы төлемдеріне жұмсайтын шығындары өтемінен 10 мың теңгеге артық. Орта есеппен соғыс ардагері коммуналдық төлемдерге 15,8 мың теңге, телефон байланысына 4,4 мың теңге төлейді.

Қазіргі жағдаймен облыста Ұлы отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері санатындағы 398 адам тұрады. Ардагерлерге түгелдей арнаулы көмек берілуде. Бұдан басқа облыстық бюджеттен дәрі-дәрмек сатып алуға, тіс емдетуге және дауажай-шипажайларда емделуге қаржы бөлінеді.
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 60 жылдық мерейтойына орай облыс әкімінің қаулысымен 2005-жылдың қаңтарында Ұлы отан соғысына қатысушы немесе мүгедегіне теңестірілген тұлғалар мен жалпы мүгедектерді дауажай және шипажайларда емдету ережелері бекітілген. Қаулыны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 8,9 млн. теңге бөлінеді.
Жеңіс мерейтойына орай облыстық бюджетте қосымша 124,6 млн. теңге қарастырылды. Ол "Мәңгілік алау" кешенін жаңалауға, ескерткіш кітап шығаруға, Ұлы отан соғысының ардагерлері мен интернационал-жауынгерлерге материалдық көмек көрсетуге, Жаңаөзен қаласындағы Ардагерлер сарайын жөндеуге жұмсалады.
Қазір Жаңаөзенде жаңа Ардагерлер үйінің ғимараты салына бастады. Нысан 2005-жылдың 5-мамырында пайдалануға берілуі тиіс. Құрылыс жұмыстарын "Өзенмұнайгаз" компаниясының өндірістік филиалы - "ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру" АҚ қаржыландырып отыр.