Маңғыстау облысындағы жалғыз құс фермасы биыл өндірістік қуатын арттырады

Бұл туралы 24.kz хабарлайды. 

Осылайша аймақтағы құс жұмыртқасына деген сұраныстың 80 пайызын өтемек ниетте. Мұнайлы ауданында орналасқан ірі құс фермасы 2015 жылы ашылған. Бүгінде мұнда 45 мыңнан астам тауық өсірілуде. Кәсіпкер Райымқұл Борбасов ойға алған ісін жүзеге асыру үшін «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына жүгінген. Жергілікті әкімдік кәсіпорын жұмысына қажетті газды және тоқ пен суды жүргізіп беріпті. Құс фабрикасы қазіргі таңда ішкі нарықтың жұмыртқаға деген қажеттілігін 45 пайыз өтеп отыр. Дегенмен бұл шетелден келетін құс өніміне тосқауыл болуға аздық етеді. Сондықтан кәсіпкер тағы да 25 мың тауық балапанын алдыруды жоспарлап отыр. Ферманың кеңеюі жаңа жұмыс орындарының ашылып, аудан тұрғындарының тұрақты жұмыс табуына да мүмкіндік береді.

Райымқұл Борбасов, құс фабрикасының директоры:


– Біздің жұмыртқа барлық талаптарға сай. Сапасының жоғары екендігін Астанадағы арнайы зертхана дәлелдеп берді. Біз әзірге нарыққа тек құс жұмыртқасын шығарып, саудалап жатырмыз. Болашақта облыс халқын құс етімен қамтымақ ниеттеміз.