Биыл ауылшаруашылығы басқармасы бекіткен бағдарламаға сәйкес 2000 қой, 60 түйе, 30 жылқы, 15 сиыр, МТЗ-80 үлгісіндегі 6 трактор, ГП-6 үлгісіндегі 7 тырма,
КДП-4 үлгісіндегі 7 шөп машинасы, 6 шөп прессі, 50 су насосы сатып алынып, олардың басым бөлігі шаруашылықтарға табыс етілді.
Тракторлар "Раушан", "Үштаған", "Тұщықұдық", "Бейбіт" және "Таушық" ЖШС-іне тапсырылды.
"Маңғыстауагросервис" ҚКК жас малшылар мен фермерлерді қолдау мақсатымен облыс әкімі Б.Палымбетовтың шешіміне сәйкес 2002-жылы құрылған. Ауылшаруашылығын дамыту үшін биыл облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, компанияның басты мақсаты - экономиканың ауылшаруашылығы секторындағы кәсіпкерлік жобаларды қолдау болып табылады. Атап айтсақ, компания тиісті қорлардағы қаржыны ауылдықтарға таратуда жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ, "Маңғыстауагросервис" қызметкерлері несие беруге арналған болашағы бар жобаларды дайындап, ауыл тұрғындарын машықтандырумен бірге конкурстық құжаттарды дайындауға қол ұшын береді.