Маңғыстау облысының әкімі Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Маңғышлақтың көмірсутегі шикізат қорын бағалауды ұсынады

Өңір басшысының пайымдауынша, бұл геологиялық барлау жұмыстарының перспективалық бағыттарын дамытуды негіздеу үшін және Маңғыстау өңірінің газ әлеуеті жөніндегі сенімді ақпарат алу үшін қажет.

Қ. Көшербаев сондай-ақ, іздеу бұрғылауына дайындалған сейсмикалық барлау құрылымдарын енгізуді ұсынды.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, болжам бойынша жиынтық газ қоры 210 млрд текше метрді құрайды.