Маңғыстау облысының әкімі жергілікті кәсіпорын басшыларын жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір күндік айлық жалақыларын аударуға үндеді.


Маңғыстау облысының әкімі Болат Палымбетов облыс халқы, барлық меншік түріндегі кәсіпорын және ұйым басшыларын Жамбыл облысының жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарына қол ұшын беруге шақырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Кәсіпорын және мекеме басшыларының басын қосқан жиында сөз сөйлеп, "бөлісе көтерген жүк жеңіл" дегенді еске салған облыс әкімі " облыс халқы мен кәсіпорын және ұйым басшыларын зілзалаға душар болып, бастарына күн туған отандас-қандастарымыздың қиындығын өз қайғымыздай көріп қолұшын берейік! ",- деп үндеді. Осы мақсатқа бір күндік айлық жалақыларын аударуға шақырған әкім өтінішіне Жаңаөзен қалалық мұнайшылары бірінші болып үн қатты. Жамбылдықтарға қолұшын беру шарасынан облыстағы мемлекеттік мекеме қызметкерлері де қалыс қалған жоқ. Облыс әкімінің бұйрығымен зілзаладан зардап шеккен аудан тұрығындарына көмек көрсету жөніндегі облыстық штаб құрылды. Осындай көмекке арнап ашылған арнаулы есепшотқа 29-мамыр күнгі жағдаймен 46 миллионнан астам теңге аударылған.