Маңғыстау облысының екі тұрғыны Каспий теңізінде із-түзсіз жоғалып кетті

25 және 26 жастағы екі жігіт 4-желтоқсан күні 11 сағатта қайық мініп теңізге шыққан. Бүгінге дейін олардан хабар-ошар болмай отыр. Жоғалған адамдарды судан құтқару қызметінің қызметкерлер құрамы іздестіру үстінде.