Оның айтуынша, бұл қаржыға келесі жылдан бастап кедендік рәсімдеу ортылығы, Түркіменстан және Өзбекстан шекараларында типтік терминалдар салу басталады.
Жуықта Баутино аулында (Түпқараған ауданы) жаңа кеден бекеті пайдалануға берілген, оның құрылысы 2007 жылдың наурызында басталған болатын. "Заманауи инфрақұрылымның болуы кедендік бақылаудың тиімділігіне септігін тигізеді, сонымен қатар ең алдымен жұмыс барысында ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға және кедендік рәсімдеу процессін жылдамдатуға мүмкіндік береді",- деп атап өтті Әлібек Қартов.
Департамент жоспарында, сондай-ақ, Құрық ауылында кедендік пост салу да бар. "Қазақстаннан Түрікменстанға баратын темір жол салуға байланысты Қазақстан аумағында кедендік инфрақұрылымның болу қажеттілігі туындайды",- деп атап көрсетті Әлібек Қартов.