Маңғыстау облысының кеденінде 9 ай ішінде есірткі контрабандасына қатысты 8 дерек анықталған

Оның айтуынша, екі жағдайда кеден қызметкерлерінің қызметтік іздеу иттерін пайдалануларына тура келген. Тәркіленген есірткі заттарының салмағы 63,9827 грамды құрайды, соның ішінде 10,7068 граммы героин болып табылады.

Департамент осы кезең ішінде 29 қылмыстық іс қозғаған, бір іс басқа органнан қабылданған. Олардың ішінде 6 қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілген. Үстіміздегі жылдың 9 айында 467 әкімшілік іс қозғалған, олардың 93-ін кедендік органдар қараған, ал сотқа 374 әкімшілік іс жіберілген. М. Ақмұратовтың хабарлауынша, бюджетке қылмыстық және әкімшілк істер бойынша төлетілген айыппұлдар, тәркіленген тауарлар және шығындарды өтеу есебінен бюджетке 166 млн теңге түскен, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен (100 млн теңге) салыстырғанда 66 пайызға өскен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті