Маңғыстау облысының шекарасы өзгереді

Informburo.kz сайтының мәліметінше, Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жалпы ауданы 721940,2365 гектар жер облыс аумағына қосылмақ. Сәйкесінше, Маңғыстау облысының шекарасы да өзгереді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Облыс әкімдігі әзірлеген түсіндірме жазбаға сәйкес, мұндай тапсырманы Үкімет басшысы тура бір жыл бұрын Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында берген.


Қаулы жобасын талқылау мерзімі – 24 мамырға дейін.