Маңғыстау облысының тұрғыны жұмысында есірткі саудасымен айналысқан

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, 58 жастағы күдікті ер адам ұсталды.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде есірткі салынған бірнеше түйіншекті тапты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін өңірдегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының 493 фактісін анықтап, есірткі сататын 72 сайтты бұғаттаған. Сондай-ақ, есірткі заттарын сату бойынша интернет ресурстарды жарнамалайтын 40 граффити жойылған.