Ауылдың айналасындағы 5 шаршы шақырымдық аумақта да осындай өңдеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық әкімшіліктен мемлекеттік санитарлық бақылау қызметіне арнап бөлінген 33 млн. теңгеге облыс орталығының айналасында қаладан тысқары 3-4 шақырымға созылатын арнаулы обадан қорғану аймағын құру жұмыстары қолға алынды.
"Медик-гигиенист" өндірістік кооперативінен жасақталған арнайы үш топ 15 күн бойы 1500 гектар алқапта індет қоздырғышын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. 1 гектар жерді өңдеуге 10 мың теңге шамасында қаржы жұмсалды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың шілде айында Жыңғылды ауылының 4 тұрғыны обаның бездік түрімен ауырып ауруханаға түскен болатын. Олардың ауру түйені союға атсалысқаны белгілі болған.