Маңғыстау және Атырау облыстарында "Каспий" ӘКК құрылды

Ө. Шүкеевтің айтуынша, "Каспий" ӘКК-ның басқарушы аппараты Маңғыстау облысының орталығы Ақтауда орналасқан.

Ол Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының "ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылдың 28 ақпанындағы халыққа арнаған жолдауында көрініс тапқан ішкі және сыртқы саясаттың маңызды бағыттарын жүзеге асыруға сәйкестендірілгенін" атап өтті. "ӘКК аймақтық дамудың өсу орталығына айналуға тиіс. Олардың іс-қызметі экономиканың түрлі салаларында инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға саяды", - делінген жолдауда.

Кеңесте ҚР вице-премьері "Каспий" ӘКК басқармаларының төрағасы ретінде Маңғыстау және Атырау облыстарының қай-қайсысына да танымал Болат Палымбетовты таныстырды. 2002 - 2006 жылдар аралығында Б. Палымбетов Маңғыстау облысының әкімі болған.

Өз кезегінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев екі облыстың аумағында "Каспий" ӘКК құру жөніндегі президенттің тапсырмасын орындаудың маңызы мен уақытын тапқандығын атап өтті. "Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияны құру аймақтың дамуы үшін айрықша маңызға ие. Мемлекет ӘКК-ына қажетті мемлекеттік меншіктер мен активтерді бөліп, кәсіпкерлердің қатысуымен корпорацияларды дамыту мәселелерін шешуге қолұшын береді", - деді Маңғыстау облысының әкімі.

Кеңесте ағымдағы жылдың басында Астанада қүрылған "Сарыарқа" ӘКК-ның басқармаларының төрағасы Альберт Рау сөз сөйлеп, өз корпорациясының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті