Маңғыстауда арқар атқан броконьерлер жергілікті полицейлер екені белгілі болды (ВИДЕО)

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Талғат Әленовтің айтуынша, қарулы адамдар Қызылсай мемлекеттік табиғи паркінде 23 сәуірде ұсталған.

Экологиялық инспекторлар инспекторлардың заңды талаптарын орындамаған Toyota Hilux көлігін қуып жүріп ұстаған.

"Инспекторлар көлікті тоқтатып үлгерді. Қашуға тырысқан төрт адамның көлігінен оқ-дәрілер мен аңшы мылтықтар және ұстау орнынан алыс емес жерде арқардың ұшасы табылды", – деді Талғат Әленов.

Оқиға орнына тергеу тобы шақырылды. Инспекцияда көрсетілген қосымша ақпарат құзыретті органдардың мүдделері үшін жария етілмейді.

"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп атап өтті Әленов. 


 

Ал Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаевтың Facebook-тегі парақшасында ұсталғандардың екеуі Маңғыстау облысының учаскелік полиция қызметкерлері екенін мәлімдеді.