Қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын Шетпе ауылында орын алған. 20 жастағы бойжеткеннің мүрдесі аулалардың біріндегі сарайда арқанға асылып тұрған күйінде табылған.
Бойжеткенге қатысты басқа қылмыс белгілері алдын ала анықталған жоқ. Туыстары оның бойынан қандай да бір тосын қылық байқамағанын айтуда. Ауылдық азамат жауапсыз махаббат себеп болуы мүмкін екенін айтты.
Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайға алып келген себептерді анықтауда, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Оқиға орнында жұмыс істеген жедел тергеу тобы қаза тапқан қыздың денесінен күш қолдану белгілерін таппады. Алдын ала деректер бойынша ол өз-өзіне қол салған», - деп хабарлады полициядан.