Маңғыстауда банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңге жымқырған

Бұл туралы Caravan.kz порталы Baq.kz  -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бір жыл бұрын банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңгеден астам ақшаны шешіп алған. Ол қаражаттың бір бөлігін букмекерлік кеңсе арқылы қолма-қол ақшаға айналдырыпты. Сот шешімімен ол  5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Агенттік өкілдері Қазақстан аумағында онлайн-казинолардың қызметіне «Ойын бизнесі туралы» Заң бойынша тыйым салынғанын еске салады.

Букмекерлік кеңселердің жекелеген қызметкерлері оңай пайда табу үшін заңның талаптарын елемейді және клиенттерді заңсыз онлайн-казино мен тотализаторларға тартады. Мысалы, Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған PariMatch, ВК Triumph, «Фаворит» және PROFITBetting букмекерлік кеңселерінің лауазымды тұлғалары сотталды. Сот оларды әртүрлі жазалау шараларына үкім шығарды,  – деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі.