Маңғыстауда бір апта бойы коронавируспен ешкім ауырған жоқ

Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.

Жетінші тәуліктің өзінде Маңғыстауда COVID-19 жұқтыру оқиғалары байқалмады.

5 тамыздағы жағдай бойынша аймақта жалпы коронавирустық инфекцияның 3334 жағдайы тіркелді.

Маңғыстау облысы бойынша емделіп шыққандар саны - 2612 адам.