Маңғыстауда екі жасар қыз зиратта түнеген


8 мамыр күні Баянды ауылында екі жасар қыз жоғалып кеткен болатын. Қыздың ата-аналары полицияға шағымданған. Шағым келіп түскен сәттен бастап, полиция қызметкерлері қызды іздестіреді. Жарты тәулік  өткен кезде полицейлер бүлдіршінді зират маңынан тауып алған. Қыздың ол жерге қалай барғаны әзірге белгісіз. Табылған қыз қазіргі кезде ауруханада. Аталған оқиғаға қатысты мәліметтер анықталу үстінде.