Маңғыстауда есірткімен ұсталған азамат жылап жіберді


Наркодиллердің ізіне түсу оңай болған жоқ. Алдымен 2 ұсақ есірткі сатушы құрықталған. Героинді жеткізуші туралы деректі солар беріпті. Жедел іздестіру шарасы барысында 47 жастағы Мұнайлы ауданының тұрғыны қолға түсті. Полицейлер оның үйінен есірткіні қолдануға арналған түтіктерімен қоса тәркіледі. Күдікті бірде көз жасына ерік берсе, бірде ұлының туберкулезге шалдыққанын айтып өзінше ақталмақ болған. Бірақ әсерлі әңгіме оны жазадан құтқара алмасы анық.