Маңғыстауда «Газель» мен тепловоз соғысуының себептері анықталып жатыр


Бұл туралы АҚ «ҚТЖ-Жүк тасымалы» баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Stan.kz

«25 қараша күні сағат 14:20-да Маңғыстау облысы Өзен-Болашақ жол бөлігінде тепловоз бен «Газель» маркалы автокөлік соқығыс қалған. Өтпелі дабылдатпа құрылғысының жұмысында ақау болмаған. 60 км/сағ жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан тепловоз жүргізушісі жолдағы автокөлікті көріп, шұғыл тоқтауға тырысқан. Бірақ апаттан қашып құтылу мүмкін болмады», – деп мәлімденеді хабарламада.