Маңғыстауда ісі тергеліп жатқан екі шенеунік қайтыс болды


Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Жаңаөзен қалалық прокурорының орынбасары Әнуар Борашев хабарлады. Оның мәліметінше, экс-шенеуніктерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқан. Екеуі де жер мәселесіне қатысты жетекшілік қызмет атқарған. "Олар жалған құжатпен жеке үй құрылысына жер учаскелерін берумен айналысқан. Күдіктілердің қайтыс болуына байланысты тергеу тоқтатылды. Екеуінің қазасының себебі - денсаулығының сыр беруі", - деді Борашев.