Кеніш «Өзенмұнайгаз» компаниясына тиесілі. Жаңаөзен қаласынан таяқ тастам жерде орналасқан. Күндіз бір топ жұмысшы жанарамай толы құтыға GPSқұрылғысын орнатып жатқанда, жойқын жарылыс болып, екі адам тірідей жанып кеткен. Тағы 2 қызметкер аса ауыр дене жарақаттарымен дереу ауруханаға жеткізілді. Алайда, денесін жүз пайыз күйік шалған жұмысшылардың бірі жансақтау бөлімінде көп ұзамай жантәсілім етті. Қазір арнайы комиссия оқиға орнын жан-жақты тексеріп жатыр.