Маңғыстауда күзде жоғалған әйелдің мүрдесі табылды


Ауылдан қашық емес тұста әйел адамның денесі жатқандығын Қарақия аудандық ішкі істер бөліміне ауыл тұрғыны хабарлаған. Жетібайдан 8 шақырым жерде жатқан әйел адамның 2014 жылдың қараша айында хабарсыз кеткен аталған кенттің тұрғыны екені анықталған. Құқық қорғау орындарына сілтеме жасаған «Лада» порталының хабарлауынша, ішкі істер саласы қызметкерлері әйел денесінде күштеп өлтіру белгілері жоқтығын айтқан.