Маңғыстауда мұғалім жұмысқа орналастырамын деген алаяққа алданып, 750 мың теңге берген


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқиғаға қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

"Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, өз әрекетіне өкінетінін айтты. Жәбірленушіден кешірім сұрады. Ол соттан өзіне қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Сот үкімімен әйел адам кінәлі деп танылып, үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Мұнайлы аудандық сотының судьясы Берік Өтеев.