Маңғыстауда оқушылар екпеден кейін жаппай естерінен танып жатыр

Жаңаөзен қалалық ауруханасында кешеден бері тыным жоқ. Мектеп оқушыларын сәт сайын жеткізіп жатыр. Олардың көбі қала шетіндегі № 18 мектеп оқушылары. Арасында колледж студенттері де бар. Бұлардың бәріне қызылшаға қарсы вакцина егілген. Ал 45 минут өтккеде балалар естерінен танып, сұлай бастапты.

Төлеген Құлшаров, оқушының атасы:

-Басы ауырып, жығылып қалған. Сонда салма десе, бұлар салып бастапты. Соның ішінде менің немерем бар. 11 сыныпта оқиды. Өзі әлсіз бала еді. Үйге алып кетіп едік. Түнде тағы қайталанды. Келсек тек біздің бала емес, кілең қыз балалар түсіпті.

Оқушылардың біразы терапия бөлімінде жатыр. 8 баланы жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізген. 2 оқушыны жедел жәрдем көлігімен Ақтауға жөнелтілді. Соның бірі Аққағаз Самаликованың қызы. Ата-аналардың айтуынша, жансақтау бөіліміндегі балалардың көбі ес-түссіз жатыр.

Аққағаз Самаликова: оқушының анасы:

-Салғаннан  10 минуттан кейін, қолы қалтырап, аяғы қалтырапты. Терапияға алып келіп, 3 сағат  күттім. 3 рет тісін тістеп , қалтырап, аузын әрең аштым.

Вакцинадан соң, оқушылар бастары ауырып, жүрегі айнып, аяқ-қолдары ұи бастаған. Барлығына инекциядан кейінгі реакция деген диагноз қойылды. Дәрігерлер олардың жағдайы орташа тұрақты,-естерінен танған жоқ, бәрі ұйқыда дейді.


Айнагүл Қуатбаева, Санитарлық эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- тәжірибелік орталығының бөлім басшысы:

-Организмге түскен антигеннің әсерін төмендету үшін,препарат қоладнылады дәрігер рұқсатымен. Осы препарат әсерінен балалар ұйқылды ояу жатады.

Қызылшаға қарсы вакцина Үндістанда шығарылған. Маңыстау облысы бойынша 35 мыңнан астам балаға , соның ішінде 6 мың жасөспірімге салыну керек еді. Қазір Жаңаөзенде вакцина егу уақытша тоқтатылды. Дәрі Алматыға сараптамаға жіберілген. Дәл осындай жағдай  бірнеше күн бұрын Қарағанды облысының Теміртау қаласында орын алған еді. Онда да осы қызылшаға қарсы екпе алған колледжің 18 студенті ауруханадан бір-ақ шықты. Қазір осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу жүріп жатыр.

Loading...